БАСТЫ БЕТ
Академияда «жасыл» экономика бойынша семинар басталды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылғы 21-24 қараша аралығында «Жасыл экономика» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарын өткізіп жатыр.
Академияда мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық құзыреттерін дамыту бойынша семинардың 3-модулі басталды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 21 және 23 қарашасы аралығында «Адами ресурстарды дамыту. 3-модуль. «Іскерлік келіссөздер: сендіре білу қабілеті», «Стрессменеджмент», «Манипуляцияға қарсы іс-әрекет»» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтіп жатыр.
«Көрсетілетін қызметтердің нәтижелілігін басқару» тақырыбына біліктілікті арттыру семинары
2017 жылдың 20 – 24 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік қызметшілері үшін «Көрсетілетін қызметтердің нәтижелілігін басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтіп жатыр.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін қайта даярлау курсы
2017 жылдың 20 қарашасы және 8 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін күндізгі оқыту түрі бойынша қайта даярлау курсы жүргізіледі.