Академияда Smart city бойынша семинар өтіп жатыр

IMG 38482018 жылдың 26 және 28 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында шетелдік эксперттер Джейсон Померой және Висенте Гуалларт «Smart city жобаларын жүзеге асыру» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер үшін біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр. 

Джейсон Померой (Ұлыбритания) - Pomeroy Studio компаниясының негізін қалаушы (урбанизм, сәулет, дизайн және зерттеулермен айналасатын компания) және Pomeroy Education негізін қалаушы. Померой студиясын құрғанға дейін Джейсон Брюсселде, Амстердамда, Лондонда, Бахрейнде және Куала-Лумпурда жұмыс істеді. Сәулет құрылысы мен жылжымайтын мүлік саласындағы тәжірибесі халықаралық құрылыс пен дамудың дамуына ықпал етті. Ол Sime Darby Property үшін Малайзияда энергия үнемдейтін үйлердің жобасының авторы. Осындай жобалар Сингапурда жүзеге асырылған.

Висенте Гуалларт (Испания) - Guallart Architects негізін қалаушы және директоры. Ол Барселона қалалық кеңесінің бас сәулетшісі болды (2011-2015 жж.), онда ол қаланың стратегиялық көрінісін дамыту бойынша жұмыс жасады және ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысты. Қалалық дамудың түрлі аспектілерін бір бөлімге (урбандалу, инфрақұрылым, көлік, энергетика, су, тұрғын үй және қоршаған орта) интеграциялау үшін қалалық тұрғындардың жаңа бөлімін құру идеясының авторы. Ол Кеңес жұмысында қызмет атқарған уақытта, қалалық жобалар мен қаланы трансформациялауға  миллиардтан астам евроны инвестициялады.

 Семинар барысында сарапшылар урбандалу мәселелері бойынша әртүрлі елдердің тәжірибиелерін көрсетті және олардың қазақстандық қалаларға жарамдылығы мен релеванттылығын талқылады. Оқыту аясында Ақылды қалалардың тізімі тақырыбы қарастырылды, сондай-ақ интерактивті сессиялар өткізіліп, қалалық басқару тәсілдері талқыланды.

Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

 

Семинар суреттері