Ұлыбританиядан келген сарапшы қаржылық талдау бойынша тәжірібиесімен бөлісіп жатыр

IMG 53782018 жылдың 9 және 11 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында шетелдік сарапшы Джеральд Макгрегор мемлекеттік қызметшілер үшін «Мемлекеттік сектордағы қаржылық талдау» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Джеральд Макгрегор - халықаралық қаржы кеңесшісі (Ұлыбритания). Қарапайым мамандарға да, ірі компаниялардың жоғарғы басшылығына да қаржылық және қаржылық қызметтер бойынша тренингтер мен семинарлар өткізуден мол тәжірибесі бар. Достастық Хатшылығымен бірлесіп, Есеп палатасы төрағаларына, қаржы қызметтерінің және ірі банктер басшыларына арналған бірқатар тренингтер өткізген. Лондон Кеңесшісі, сондай-ақ қаржы бөлімінің басшысы ретіндегі тәжіріибесі оған мемлекеттік басқару бойынша бірқатар оқу бағдарламаларын табысты жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Үш күндік оқыту барысында мемлекеттік сектордағы көлденең және тік талдау, көрсеткіштерді (үрдістерді) талдау, қаржы көрсеткіштерін талдау, кірістілікті талдау, операциялық талдау, қаржылық реттеу, қаржылық талдау негізінде стратегиялық шешімдер қабылдау сияқты негізгі әдістер мен түрлері және т.б. сұрақтар қарастырылады.  Сонымен қатар, семинар бағдарламасы техникалық талдау және оның қалай жұмыс істейтіндігі, экономикалық мінез-құлық мәселелері, сондай-ақ техникалық көрсеткіштердің түрлері туралы сұрақтарды анықтап көрсетеді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік сектордағы қаржылық талдаудың тұжырымдамалық негіздері және стандарттарымен танысады.

Практикалық және топтық жұмыс нәтижесінде сауатты құрастырылған бюджеттік бағдарламалар, «дұрыс» аудиторлық тексерістер мен ақпаратты талдауға негізделген қаржылық бақылау саласындағы дағдылар мен білімдерін жетілдіреді.

Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

 

Семинар суреттері