Мемлекеттік органдар мен КЕҰ-дың өзара әрекеттесуі бойынша семинар

IMG 5701Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2018 жылғы 16 және 19 сәуір аралығында «Мемлекеттік органдар және коммерциялық емес ұйымдар» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарын өткізіп жатыр. 

Семинардың мақсаты мемлекеттік органдардың коммерциялық емес ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылы бойынша  кәсіби дағдыларын дамыту  болып табылады.

Оқу барысында КЕҰ-ның азаматтық қоғамды дамытудағы, мемлекеттік органдармен шешімдер қабылдаудағы рөлі, КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының мүмкін жолдары, сондай-ақ өзара іс-қимыл институттары, КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының қажеттілігі және маңызы баяндалатын болады. 

Семинарға қатысушылар КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының шетелдік және қазақстандық тәжірибесімен, КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын реттейтін нормативтік құқықтық базамен, азаматтық қоғамның мемлекеттік органдардың қызметіне қатысуының ағымдағы практикасымен, КЕҰ мен мемлекеттік органдар ынтымақтастығының перспективті бағыттарымен және салаларымен  танысатын болады.

Оқытудың нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдар мен КЕҰ ынтымақтастық салаларын және айтарлықтай перспективалық бағыттарын айқындау бойынша кәсіби құзыреттерді күшейтеді.

Тыңдаушылар алдында «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ-ның атқарушы директоры (MA) Ринад Темірбеков және Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ-ның жобалық менеджері   (MA) Бачище Андрей сөз сөйлейді.

 

Семинар қорытындысы бойынша тындаушыларға сертификаттар табысталады.

 

Семинар суреттері