Институт тарихы және қызметі

Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институтының пайда болу тарихы

1998 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Ұлттық жоғарғы мектебі (МБҰЖМ) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институты базасында  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы құрылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының құрамында Басқарушылық кадрларды даярлау орталығы және Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институты жұмыс жасады. Академияны Астанаға көшіргеннен кейін 2002 жылы әртүрлі санаттағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік басқару органдарының кадрларын кәсіби қайта даярлауды іске асыру үшін Басқарушылық кадрларды даярлау институты құрылды.

2003 жылдың қазанында Басқарушылық кадрларды даярлау институты базасында  екі Институт: Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау институты және Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институты құрылды.

 

ХРОНОЛОГИЯ

2003−2004 оқу жылы

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау институты – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік қызметтің менеджері» біліктілігін игерген «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша әртүрлі санаттағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға жауапты, құрылымдық бөлімшесі. Бұл ретте оқыту ұзақтығы 1 жыл болатын күндізгі нысан түрінде өткізілді. Көрсетілген мерзімде барлығы 20 адам оқыды.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау институтының директоры – З.У. Кеңесарина.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институты – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының әртүрлі санаттағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ біліктілікті арттыру семинарлары мен курстарын әдістемелік қамтамасыз етуге жауапты, құрылымдық бөлімшесі. 2003−2004 оқу жылында барлығы 1536 мемлекеттік қызметші оқыды, 37 біліктілікті арттыру курсы мен семинары өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының директоры – А. Шамен.

 

2004−2005 оқу жылы

2004−2005 оқу жылында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау институты мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың 7 оқыту курсын ұйымдастырды (басшы лауазымына қайта тағайындалғандар үшін – 4 лек, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар үшін – 3 лек). Оның ішінде 2 лек – сырттай оқу түрінде.  Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау 6 апталық курста 2 бағыт бойынша өткізілді: мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер мен басшылық қызметке тағайындалған әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін.

2004−2005 оқу жылында 186 адам оқыды, оның ішінде 93 − басшылық қызметке тағайындалған әкімшілік мемлекеттік қызметшілер, 93 − мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар мемлекеттік қызметшілер.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау институтының директоры – З.У. Кеңесарин.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институтында 2004−2005 оқу жылында 39 біліктілікті арттыру семинарлары өткізілді, 1808 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының директоры – С. Жүсіпов.

 

2005−2006 оқу жылы

2005 жылдың қыркүйегінде Мемлекеттік қызмет академиясы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау институты мен Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институтын біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына өзгертілгеннен кейін бір институт – Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты болып құрылды. Институттың құрылымында: директор, екі директордың орынбасары, екі аға кеңесші болды.

Біліктілікті арттыру үш күндік және апталық семинарларда жүзеге асырылды. Оқу жылында барлығы 28 мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарлары өткізілді. Біліктілікті арттыру бойынша 1221 мемлекеттік қызметші оқыды. Оның ішінде: 401 – орталық мемлекеттік органдардан, 731− жергілікті мемлекеттік органдардан (соның ішінде Астана қаласының мемлекеттік органдарынан – 72 адам) және 89 саяси мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асты: мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер және басшылық қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметшілер. Аталған оқу жылында басшылық қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін 9 курс және мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер үшін 11 курс өткізілді.

Оқу жылында Академияда қайта даярлау бойынша 443 мемлекеттік қызметші оқыды. Оның ішінде: 340 – орталық мемлекеттік органдардан, 103 – жергілікті мемлекеттік органдардан.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының директоры – В. Цой.

 

2006−2007 оқу жылы

2006−2007 оқу жылы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтында барлығы 37 мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары өткізілді, 1455 мемлекеттік қызметші оқыды. Оның ішінде: 721 – орталық мемлекеттік органдардан, 742 – жергілікті мемлекеттік органдардан (соның ішінде Астана қаласының мемлекеттік органдардан).

Сондай-ақ, 17 мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары өткізілді. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асты: мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер мен басшылық қызметке тағайындалған әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін. Оқу жылында қайта даярлау боынша 583 мемлекеттік қызметшілер оқыды. Оның ішінде: 326 – орталық мемлекеттік органдардан, 257 – жергілікті мемлекеттік органдардан.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының директоры – Г. Р. Мақашева.

 

2007−2008 оқу жылы

2007−2008 оқу жылында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының құрамына ҚЕХС-на сәйкес Бухгалтерлерді қайта даярлау орталығы кірді.

Оқу жылында барлығы 2751 мемлекеттік қызметші оқыды.

Біліктілікті арттыру бойынша 35 семинар өткізілді, 2050 мемлекеттік қызметші оқыды. Оның ішінде: 1122 – орталық мемлекеттік органдардан, 732 – жергілікті мемлекеттік органдардан, Астана қаласы бойынша 196 мемлекеттік қызметші және 109 – саяси мемлекеттік қызметші.

Қайта даярлау бойынша 17 курс өткізілді, 701 мемлекеттік қызметші оқыды. Оның ішінде: 244 – орталық мемлекеттік органдардан, 457 – жергілікті мемлекеттік органдардан.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының директоры – Г. Р. Мақашева.

 

2008−2009 оқу жылы

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтында 2008-2009 оқу жылында біліктілікті арттыру бойынша 30 семинар өткізілді, 1707 мемлекеттік қызметші оқытылды және қайта даярлау бойынша  683 мемлекеттік қызметші оқытылған 12 курс өткізілді, соның ішінде 271 мемлекеттік қызметші орталық мемлекеттік органдардан, 412 – жергілікті мемлекеттік органдардан (өңірлер), оның ішінде 159 мемлекеттік қызметші Астана қаласының жергілікті мемлекеттік органдарынан.

Қайта даярлау курстарында оқыту үш аптаға дейін созылды.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының директоры – И. Н. Дүйсембаев.

 

2009−2010 оқу жылы

2009−2010 оқу жылында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен келісілген және Академияның Ғылыми кеңесі бекіткен оқу жылына арналған Жоспар-кестелері мен Оқу жоспарларына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асырды. Институт сондай-ақ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға және өңірлік оқыту орталықтарының кадр қызметіне кеңестік-әдістемелік көмек көрсетті.

Институттың құрылымында 3 сектор болды: мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру секторы, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау секторы, өңірлік оқыту орталықтарымен жұмыс секторы.

Біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары мемлекеттік органдардың талаптарына және мемлекеттік қызметшілердің өздерінің кәсіби қызығушылықтарына сәйкес бюджеттік негізде жүргізілді.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының директоры – С. Г. Қапаров.

 

2010−2011 оқу жылы

 

2010−2011 оқу жылында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты әртүрлі санаттағы саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырды.

Институтта жыл сайын 2000-нан астам мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды, тұрақты негізде кәсіби қайта даярлаудан мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер мен басшылық қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметшілер өтті.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының директоры – С. Г. Қапаров.

 

2011−2012 оқу жылы

2011−2012 оқу жылы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының қызметі Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы Ережесіне, Институттың жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асты. Сондай-ақ, 29 мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары, 10 мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы, 2 келісім-шарт негізіндегі қайта даярлау курсы, 5 Астана қаласының мемлекеттік қызметшілері үшін біліктілікті арттыру семинары, 8 қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша курстар өткізілді.

Оқу жылында 1865 мемлекеттік қызметші оқыды. Соның ішінде 1452 адам мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, 413 адам коммерциялық негізде.

2011−2012 оқу жылында Академияда қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша коммерциялық негізде оқыту енгізілді. Аталған мерзімде 227 адам оқыды.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының директоры – Б. Ф. Үркімбаев.

 

2012−2013 оқу жылы

2012−2013 оқу жылы  Институттың құрылымына (Ғылыми кеңестің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 11 шешімімен бекітілген) екі сектор кірді және Институт Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институты болып өзгерді. Институттың штаттық кестесіне 2012 жылдың 19 қарашасынан бастап директордың орынбасары қызметі енгізілді. 2013 жылдың 14 қаңтарынан бастап Институт 003 бюджеттік бағдарламасы шеңберіндегі семинарларды ұйымдастыруға жетекшілік етеді.

Институттың құрылымы 2013 жылдың 1 наурызына мынадай түрде ұсынылды:

−    Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру секторы;

−    Мемлекеттік қызметшілерді қашықтықтан оқыту және өңірлік оқыту орталықтармен байланыс секторы;

−    003 бюджеттік бағдарламасы − Шетелдік оқытушылардың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарлары.

2012−2013 оқу жылында Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институтының негізгі қызметінің бағыттары:

 І. Қайта даярлау курстарын ұйымдастыру және өткізу:

1) қайта қабылданған әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін (3 апта, 130 академиялық сағат);

2) басшылық қызметке тағайындалған әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін (3 апта, 130 академиялық сағат);

ІІ. Біліктілікті арттыру семинарларын өткізу және ұйымдастыру:

1)  орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін (Академия кафедраларымен бірлесіп);

2)  Астана қаласының мемлекеттік қызметшілері үшін;

3) шетелдік оқытушылардың қатысуымен өткізілетін мемлекеттік қызметшілер үшін (ББ 003);

4)  қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша (Академия кафедраларымен бірлесіп);

5)  ақылы негізде (Жас-Отан және т.б.);

ІІІ. Академияның оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бағыттары бойынша мемлекеттік қызметшілерді өңірлік оқыту орталықтарымен байланысын ұйымдастыру;

ІV. Уәкілетті органдардан түскен білім беру бағдарламалары сараптама жүргізуді ұйымдастыру. 

 

 

Институт қызметі